Баходир Жалолов Қазандағы БРИКС ойындарының чемпионы атанды (ВИДЕО)

Редактор
23.06.2024, 09:36

Енді ол тамызда Парижде өтетін Олимпиада ойындарына аттанады

Өзбекстан ҰОК

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Қазанда (Татарстан) өтіп жатқан БРИКС ойындарының чемпионы атанды.

Финалдық кездесуде өзбек боксшысы беларустік қарсыласы Владислав Смягликовты техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек барысында төреші Смягликовқа екі рет нокдаун ашса, үшінші раундта оның бапкері кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Нәтижесінде Баходир Жалолов Олимпиада алдындағы кезекті жарысын жеңіспен аяқтады. Енді ол тамызда Парижде өтетін Олимпиада ойындарына аттанады.

Айта кетейік, Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан ойындарға БРИКС ұйымына мүше елдердің спортшылары қатысып жатыр. Жарысты Ресей ұйымдастырған.