Сиднейде Мұхтархан Ділдәбековпен жұдырықтасқан кубалық атақты Рубалкаба Шымкентке келді

Редактор
23.06.2024, 20:20

Қазақ боксшысы өзінен әлдеқайда ірі кубалықты жеңіп, жарыс сенсациясын жасаған еді

khabar.kz

Сидней Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтың ширек финалдық бәсекесінде Мұхтархан Ділдәбековпен кездескен Кубаның әйгілі боксшысы Алексис Рубалкаба Шымкентке келді. 

Бокс ардагері«Алматау» базасында өтетін Мұхтархан Ділдәбеков атындағы турнирге құрметті қонақ ретінде қақтысады. 

2006-2007 жылы туған жастар арасында өтетін 12-ші халықаралық турнирге келген Рубалкаба туралы видеоролик Бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Онда Мұхтархан Ділдәбеков өзінің қарсыласын 24 жылдан кейін алғаш рет көріп тұрғанын айтып, төс қағысып амандасады.

Қос боксшы Сиднейдің жартылай финалға шығар жолында жұдырықтасып, жерлесіміз ұпай айырмасымен ұтқан болатын. Куба боксышсы Ділдәбековтен едәуір ірі әрі бойшаң еді. Соған қарамастан Ділдәбеков оны бір рет рингте сұлатып салған.

Алексис Рубалка – тоқсаныншы жылдар ортасында аты шыққан кубалық белгілі боксшысы. Ол Барселона Олимпиадасының чемпионы Роберто Баладо жол апатынан қайтыс болған соң елдің №1 боксшысы атанды. Алайда, Атланта Олимпиадасында Тонго боксшысына айғашқы айналымда ұтылды. Есесіне ол 1997 жылы Венгрияда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, Грузия боксшысына есе жіберген. Сонымен бірге, Панамерика ойындарында жеңімпаз атанды. Ал Сиднейде ширек финалға дейін жетіп, жарысты аяқтады.