Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба 24 жылдан кейін рингте қайта кездесті (ВИДЕО)

Редактор
27.06.2024, 10:46

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының ширек финалында Ділдәбеков Рубалкабаны жеңіп, жарыстың сенсациясын жасаған еді

скрин Instagram

Шымкентке Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылған Куба боксының ардагері Алексис Рубалкаба жергілікті жас боксшыларға шеберлік класын өткізді.

Сондай-ақ, бұл күні Мұхтархан Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба араға 24 жыл салып рингке қайта көтерілді. Қос боксшы Сидней Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасып, Ділдәбеков жеңіске жеткен болатын. Алайда, бұл жолы екеуі рингте тек қол алысып, ізбасарларына ақыл-кеңес айтумен шектелді.

Бұл жиынға қазақтың өзге де белгілі боксшылары келген. Олар да жастармен тәжірибе бөлісіп, бокс техникасын үйретті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алексис Рубалкаба Түркістан облысында «Алматау» базасында Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің турниріне құрметті қонақ ретінде қатысатыны мәлім болған еді.

Жарнама
Жарнама