Қазақстанның ең сұлу боксшысы шаршы алаңға оралатын күн белгілі болды

Редактор
01.07.2024, 22:51

Жекпе-жек 25 шілдеге жоспарланған

әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман Бангкокте (Таиланд) WBA Asia атағына таласады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Жекпе-жек 25 шілдеге жоспарланған. Қазір бойжеткен қызу жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізде болса, аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Мұздыман бұған дейін шаршы алаңға 1 маусым күні Алматыда шыққан. Сол кезде Балауса үндістандық қарсыласы Моника Сингхты (5-1, 3 КО) 40 секундта нокаутпен жеңді. Көкірек тұстан тиген ауыр соққыдан отырып қалған Сингх төреші санап біткенше орнынан тұра алған жоқ.