Қазақстан бокс федерациясының президенті Ыбырайымовтың иығына шапан жапты
Алматыда Бангкокте (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық үш боксшы марапатталды.
Салтанатты іс-шарада ардагер спортшылар мен бапкерлерге де құрмет көрсетілді.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың иығына шапан жапты.
Ардагер боксшы Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірді. Ол Таиландтан жолдама алып келген Мұхамедсабыр Базарбайұлын 2004 жылғы Афины Олимпиадасында топ жарған Бақтияр Артаевпен салыстырды.