«Неге жасамасқа». Ермахан Ыбрайымов қай боксшылар топ жаратынын атады

Редактор
18.07.2024, 09:45

Қазір көпшілікті “Алтын медаль бола ма?” деген сауал мазалайды

әлеуметтік желі

Қазақстан үшін нөмір бірінші спорт түрі саналатын бокс бұл Олимпиада ойындарында да ерекше назарда болады. Қазір көпшілікті “Алтын медаль бола ма?” деген сауал мазалайды.

Осы орайда Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың ойындарға қатысты болжамын білдік. Биылғы Парижде өтетін жазғы Олимпиада тәуелсіз Қазақстан қатысатын сегізінші ойындар.

Отандық былғары қолғап шеберлері Токиодан да басқа Олимпиада ойындарының барлығында алтын медаль еншілеген. Қазіргі құрамада алдағы Олимпиадада табысты нәтижемен қуантатын өте білікті боксшылар бар. Оның үстіне біздің команда барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, сөйте тұра басты үміт тәжірибелі Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, құрама капитаны Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырханға артылады.  Әрине, өзге боксшылар да үздік үштіктен көрінуге қабілетті. Айбек пен Нұрбек Оралбайлар, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өздерінің мықтылығын талай аламанда дәлелдеген және жаңа белесті бағындыруға толық дайын, – дейді Ермахан Ыбрайымов.