Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын мазақ етіп видео түсірді (ВИДЕО)

Редактор
18.07.2024, 10:06

Қазақ боксшысы бұған қалай жауап қайтаратыны әзірге белгісіз

instagram.com/andrei_mikhailovich_/

Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видеоролик түсірді және оны әлеуметтік желіде жариялады. 

Қос боксшы 14 шілдеде АҚШ-та жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда, «QAZAQ Style» салмағын қуам деп, ауруханадан бір-ақ шықты. Ал, жекпе-жек өтпейтін болды. Өз кезегінде жаңазеландиялықтың командасы наразылығын білдіріп, Жәнібекті қос титулынан айыруды талап етті.

Видеороликте Андрей асфальтқа «JANIBEK» деп жазып, оның жанында би билейді. Кейін жазудың үстіне ұнтақ шашып, артынша су құяды. Видео соңында ол өз отбасымен билеп, экранға «Аталған видеоны түсіруде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу шықты.

Жәнібектің салмақ қуа алмағанына сын айтқандар көп болды. Қос бірдей чемпиондық титулы бар тәжірибелі боксшыға мұның жат дүние екенін айтқандар Қазастанда да болды. Ал, боксшының өзі болса 2-3 айда рингке оралатынын, орта салмақтан ешқайда ауыспайтынын мәлімдеп үлгерді.