Әзірге қарсыласының есімі анықталмады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді.
WBF, WIBF, WBC international champion, UBO international champion, UBO world champion нұсқалары белдіктерінің иесі тамыз айында 12-ші айқасына шығуға ниетті. Дегенмен Лукастың әзірге қарсыласының есімі анықталмады.
«Келесі айда менің спорттық мансабымдағы 12-ші жекпе-жек өтеді. Бұл сын мен үшін өте маңызды және еліміздің туын биікке көтеремін», - деп жазды Ангелина Лукас әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы қыз шаршы алаңға мамырдың соңында шығып, индонезиялық Харма Йестиді жеңген болатын.