«Зейнеткер емеспін»: Головкин алдағы жекпе-жегі туралы сауалға жауап берді

Редактор
18.07.2024, 11:09

Боксшы спортпен шұғылдануды тоқтатпаған

prosports.kz

Еліміздің ҰОК-не президент болып сайланған белгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңдағы мансабы туралы сұраққа жауап берді.

АҚШ-тың Los Angeles Times газетіне сұхбат берген ол алдағы жылдары жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін алға тартты. Боксшы өз жауабында жасы қырықтан асса да қартайып қалмағанын айтып, спортпен тұрақты шұғылданып жүргенін жеткізді.

“Мен әлі зейнеткер емеспін. Өзімнің жақындарыммен бірге өмірдің ғажап сәттерін өткеріп жатырмын. Иә, қазір менің мойныма жүктелген жаңа лауазымым бар. Бірақ спортпен шұғылдануды әлі аяқтаған жоқпын. Себебі, спорт маған ләззат сыйлайды. Бокстағы жолымның аяқталғаны туралы әлі ресми айтқан жоқпын. Мен үшін алда ыңғайлы мүмкіндік болса, жанкүйерлер шаршы алаңда көріп қалуы ғажап емес”, - деді Геннадий Головкин.

Естеріңізде болса, әлемнің экс-чемпионы Головкин ақпан айының соңында Қазақстан ҰОК комитетінің басшылығына келді. Ол аталған ұйымды 9 жыл басқарған олигарх Тимур Құлыбаевты алмастырды.