Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі
Бирмингемде (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде орта салмақта BBBofC нұсқасы бойынша Ұлыбритания чемпионы Натан Хини (18-1-1, 6 КО) мен жерлесі Брэд Полс (19-1-1, 11 КО) арасында матч-реванш өтті.
Екеуінің алғашқы жекпе-жегі дәл осы қалада өтіп, тең аяқталған болатын. Бұл жолы Полс 12-раундта қарсыласын ұрып құлатып, оның титулын тартып алды.
Айта кету керек, он екі раунд бойы Полс қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткен. Тіпті, соңғы раундта бүкіл күшін жинап, Хиниді бұрышқа тақап сабады. Осындай сәттердің бірінде оның соққылар сериясы қарсыласының басына дәл тиіп, Хини орнынан тұра алған жоқ.
Айта кету керек, Хини Британия чемпионы болған сәтте Queensberry Promotions компаниясы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырған. Олар британ боксшысының Qazaq Style-ды жеңіп, қос бірдей чемпиондық титулын тартып алады деп мәлімдеген болатын.