Бокстан Қазақстан құрамасының қарсыластары қашан анықталады

Қазақстан бокс құрамасы Францияға ұшты

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты.

Бортта: он олимпиадалық үміт, бапкелер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады, – делінген Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында.

Айта кетейік, биылғы төртжылдықтың бас додасында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда қатысады. 

Қазақстан намысын мына боксшылар қорғайды: 
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
81 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам