Головкин жеңе алмаған «Канелоның» келесі жекпе-жегі белгілі болды

Редактор
24.07.2024, 12:16

Супер орта салмақтағы титулды қорғау туралы келісім жақын күндері аяқталады

x.com/MikeCoppinger

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль "Канело" Альварес (61-2-2, 39 КО) 14 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді деп күтілуде.

Майк Коппинджер инсайдер ретінде «Канело» Лас-Вегаста күздің алғашқы айында шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді.

«Кәсіпқой бокстың танымал жұлдызы Сауль Альварес 14 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында Эдгар Берлангамен кездеседі. Супер орта салмақтағы титулды қорғау туралы келісім жақын күндері аяқталады», - деп мәлімдеді ESPN журналы.

Айта кететін жайт, 14 қыркүйекте Лас-Вегастағы The Sphere аренасында UFC 306 турнирі өтпек. Инсайдер Майк Коппинджер бұл туралы Х желісінде жазба жариялады.

Головкинмен үш рет кездескен Сауль Альварес өзінің соңғы жекпегін мамыр айында Хайме Мунгияға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Ал оның келесі қарсыласы болуы мүмкін Эдгар Берланга кәсіпқой бокстан 22 рет жеңіс тойын тойлаған. Ол осыған дейін ирландиялық Пэдрейг Маккроригені рингте нокаутқа түсірген болатын.