Өзбек боксшысы америкалық қарсыласынан нокдаун алып, жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Редактор
28.07.2024, 11:26

Ол аталған кездесудің фавориті саналған болатын

Kun.kz

Кәсіпқой бокстан аса жеңіл салмақта өнер көрсететін өзбек боксшысы Шохжахон Эргашев (24-2, 21 КО) Детройтта өткен бокс кешінде жеңіліп қалды.

Өзбекстандық боксшы америкалық Джулиан Смитпен (9-2, 5 КО) жұдырықтасқан және осы кездесудің фавориті саналған еді. Алайда, оның дегені болмай қалды.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер шешімімен америкалық Джулиан Смит жеңімпаз деп танылды. Бесінші раундта ол Эргашевке ауыр соққысын дәл тигізіп, рефери нокдаун санаған болатын. Төрешілердің шешіміне бұл да әсер еткені сөзсіз.

Осылайша Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.