Мұхамедсабыр Базарбайұлы бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Редактор
28.07.2024, 01:13

Екінші айналымда ол тайпэйлік боксшымен жұдырықтасады

Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасында бокстан алғашқы кездесулер басталды. 63,5 келі салмақта ел намысын қорғаған Мұхамедсабыр Базарбайұлы испан боксшысы Ойер Ибараче Кондомен жұдырықтасып, сенімді түрде жеңіске жетті.

Жекпе-жек толықтай Мұхамедсабырдың басымдығымен өтті. Алғашқы раундта бес төрешінің бәрі жеңісті қазақ боксшысына берсе, екінші раундта бесеудің төртеуі осы шешімін өзгертпеген. Ал, шешуші үшінші раундта Базарбайұлы айқын жеңіп, төрешілер оған жеңісті бірауыздан берді, қорытынды есеп – 5:0.

Осылайша Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан ұлттық құрама Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші айналымда тайпэйлік боксшымен жұдырықтасады.