Дусматов Бибосыновқа қарсы қалай дайындалатынын айтты

Редактор
31.07.2024, 11:25

Бибосынов пен Дусматов айқасы 2 тамыз күні болады

instagram.com/shumbolatv

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов Париж олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

Осы орайда Дусматов қазақ боксшысына қалай дайындалатыны жайлы айтты.

“Жекпе-жегін көрдім. Бапкерлермен бірге тактика құрамыз. Мұнда бәрі тыңғылықты даярлықпен келген. Аянып қалмаймыз, бұған дейін де кездестік. Бір-бірімізді білеміз. Бұл қызық, тартысқа толы жекпе-жек болғалы тұр. Өзбекстан мен Қазақстан жанкүйерлері асыға күткен айқас”, - деді өзбек боксшысы.

Айта кетейік, Сәкен 1/8 финалда түркиялық Самет Гумушті айқын басымдықпен (5:0) жеңсе, Хасанбой пуэрториколық Хуан Лопестен басым түсті. 

51 келідегі Бибосынов пен Дусматов айқасы 2 тамыз күні сағат 21:20-да басталады. Екеуі бұған дейін үш рет жолыққан. Әзірге 2:1 есебімен Дусматов алда тұр.