Қазақстан тарапы Мұхамедсабыр Базарбайұлының жеңіске жеткенін айтады
Кеше түнде Париж Олимпиадасының ширек финалында есе жіберген қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты ҰОК шағым білдірдегенін мәлімдеді.
63,5 келі салмақтың жартылай финалға шығар жолдамасын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули сарапқа салған еді. Осыдан кейін Қазақстан тарапы туындаған күмәнға байланысты екі боксшы арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді PBU-дан талап етіп отыр.
«Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева.