Бүгін үш боксшы шаршы алаңға шығады

Редактор
02.08.2024, 09:36

Қазақстан құрамасының 10 спортшысы сынға түседі

Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасында 2 тамыз күні Қазақстан құрамасының 10 спортшысы сынға түседі. Аса тартысты доданы алғашқы болып мергендер бастайды.

12:30-да ерлер арасында стенд атудан іріктеу кезеңдерінде Эдуард Ещенко жарысты бастайды.

12:54-те академиялық есуден Е тобының финалында ерлерден Владислав Яковлев шығады.

13:00-де дзюдодан Кәмилә Берліқаш (+78 кг) Моңғолия балуаны Адиясурен Амарсайханмен алғашқы айналымда белдеседі.

13:15-те жеңіл атлетикадан биікке секіруден іріктеу кезеңдерінде Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.

14:00-де жүзуден ерлер арасында баттерфляй бойынша іріктеу кезеңі басталады. Бұл сынға қазақстандық Әділбек Мусинге сенім артылды. Әділбек Мусин 16:30-да семсерлесуден ширек финалда Қазақстан құрамасы Венгриямен кездеседі.

Кешкі 20:22-де бокстан спортшыларымыз ширек финалдық бәсекеге шығады. Ерлер арасында 80 келіде Нұрбек Оралбай мен әзірбайжандық Мурад Аллахвердиев өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, батуттық гимнастикадан отандасымыз Данил Мұсабаев іріктеу бәсекесін бастайды.

23:32-де бокстан әйелдер арасында Карина Ибрагимова 1/8 финалда пуэрто-риколық Эшлионн Лосадамен өзара сынға түседі.

Ал түнгі 00:20-да 51 келіде боксшы Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.