Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Редактор
03.08.2024, 20:14

Енді Назым финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады

Әлеуметтік желі

Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты.

Төрешілер есебі: 4-1.

Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды.

Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.