«Финалда күтіңіздер». Назым Қызайбай жеңістен кейін мәлімдеме жасады

Редактор
03.08.2024, 22:08

Отандасымыз ширек финалда Ингрит Лорена Валенсия Викторияны ұтты

Владислав Семенов

Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан әйелдер арасында 50 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай жартылай финалға өтті. Жекпе-жектен кейін спортшы пікір білдірді.

Айта кетейік, отандасымыз ширек финалда Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты.

«Жекпе-жекті өздеріңіз көрдіңіздер, бүгін барымды салып жұдырықтастым. Мұндай жауапты сәтте жұдырықпен бірге басты да істете білу керек. Осыған дейін бір рет есе жібергенім. Сол есені қайтару үшін барымды салдым. Ең бастысы ақылмен істеуге, алдап кетуге тырыстым. Соның арқасында жеңдім деп ойлаймын. Келесі қарсыласым қытайлық Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы, оңай емес. Дайындалам, бар күшімді салып жеңуге тырысамын, Енді қарсыласымды зерттеп, жеңістің кілтін табамын деген сенімдемін. Мені финалда күтіңіздер», - деді Назым Қызайбай.