Өзбек боксы қазақ боксынан неше есе мықты? Жалолов жауап берді

Редактор
10.08.2024, 13:19

Парижде өзбек боксшысы тілшілер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие

Olympic.uz

Бокстан Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов екі дүркін чемпион атағына қол жеткізуге жақын.

Парижде өзбек боксшысы тілшілер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие. Аса ауыр салмақ өкілі де сұхбатты қуана-қуана беретін көрінеді. Жекпе-жектен кейін ғана емес, дейін де тілшілер сауалына жауап беріп жатады. Боксшыдан өзбек боксшысы қазақ боксынан неше есе мықты екенін сұраған.

Алайда Баходир бұл сұраққа нақты жауап бермей, екі елдің боксшылары бір-біріне дос екенін және қазақтарға сәттілік тілейтінін айтқан.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс медаль еншіледі. Бұл айқаста Жалолов пен Өзбекстан құрамасының бас бапкері жерлесімізге жанкүйер болды.