Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанаға келді

Редактор
12.08.2024, 09:49

Боксшы келесі олимпиадада алтын алуға уәде берді

Видеодан кадр

Астаналықтар Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды әуежайдан қарсы алды.

Парижде 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа 2:3 есебімен есе жіберді.

Боксшы жанкүйерлерімен қауышып, келесі Олимпиада ойындарында алтын алуға уәде берді.