Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өзіне сыйға берілген тұлпарын көрсетті

Редактор
13.08.2024, 10:14

Спортшы тұлпарын тізгіндеп, көпшілікке шеберлігін көрсетті

Видеодан кадр

63,5 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы әлеуметтік желіде өзіне сыйға берілген темір тұлпарын көрсетті.

Боксшы Олимпиада ойындарынан соң Қазақстанға оралып, жерлестерінің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Әлеуметтік желіде Мұхаммедсабырға жылқы сыйға берілген сәттің видеосы тарады. Спортшы тұлпарын тізгіндеп, көпшілікке шеберлігін көрсетті. 

Жазғы Олимпиада ойындарында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Лай Чжуэньді 3:2 есебімен жеңді.

Ал ширек финалда ол грузиялық Лаша Гурулимен кездесіп, төрешілер жеңісті қарсыласына берді. Нәтижесінде грузин Парижде қола жүлдегер атанды.