«Бауырым, тарихты жаңарттың!». Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бапкеріне үндеу жасады

Редактор
13.08.2024, 12:42

Өзбекстан құрамасы бокстан бес салмақта чемпион атанды

instagram.com/b.sarsekbayev

Бокстан Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарында бес алтын медаль алды. Бірінші кезекте бас бапкер Толқын Қылышевтің еңбегі зор. Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әріптесін құттықтады.

«Толқынды бала кезден танимын. Екеуміз бір интернатта өстік. Бірге дайындалып, тіпті ұстаздарымыз бір адам болды. Интернаттағы достық ешқашан ұмытылмайды. Толқын бауырым, осындай ғажайып жетістікпен құттықтаймын! Сен тарихты жаңарттың! Еңбекқор екеніңді жақсы білемін. Осы жолда аянып қалған жоқсың. Деніңе саулық тілеймін. Аман жүр, бауырым!», - деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

Өзбекстан құрамасы бокстан ерлер арасында 51, 57, 71, 92 және +92 келі салмақта чемпион атанды. Екі боксшысы екі дүркін Олимпиада чемпионы болды.