Баходир Жалолов өзбек президенті сыйға берген су жаңа автокөлікті айдамай жатып соғып алды (ВИДЕО)

Редактор
14.08.2024, 09:30

Ол автокліктен бөлек екі қабатты коттедж және 200 мың доллар сыйақы алды

gazeta.uz

Бокстан аса ауыр салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы атанған өзбекстандық Баходир Жалолов президент Шавкат Мирзиеев сыйлаған Chevrolet Tahoe автокөлігін алған сәтте-ақ соқты.

Жол көлік оқиғасы түсірілген видеоролик әлеуметтік желіде тарап кеткен. Онда боксшының көлікті өзі жүргізіп келіп, арнайы белгісі бар өзге көлікті соққаны анық көрінеді.

Еске салайық, Өзбекстан билігі Олимпиада чемпионы атанған спортшыларға 200 мың доллар мен Chevrolet Tahoe жол талғамайтын автокөлігін және екі қабатты коттедж сыйға тартты.

Парижде Өзбекстан спортшылары 8 алтын медаль (оның бесеуін боксшылар) иеленіп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Боксшылар Баходир Жалолов пен Хасанбой Дусматов және таэквондошы Улугбек Рашитов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. Өзбекстан тарихында бұған дейін ешбір спортшы мұндай нәтиже көрсетпеген.