«Өзбекстан олимпиадалық шыңырау шегіне жетті»: Ермахан Ыбрайымов мәлімдеме жасады

Редактор
14.08.2024, 00:04

Өзбекстанның Олимпиадаға дайындық жұмыстарына бөлген қаражаты Қазақстанның жұмсаған қаражатынан бірнеше есеге аз

olympic.kz

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздікке қатысты өз пікірін айтты.

Еске салайық, Парижге бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда барып, небәрі бір күміс медальмен елге оралды. Артынша бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп елдің бокс саласында міндетті түрде өзгерістің болатынын айтты.

Ал, Ермахан Ыбрайымов болса қазір Қазақстан спортында буын алмасу кезеңі жүріп жатқанын, 2028 жылғы Олимпиада ойындарында чемпиондардың көп болатынын айтып, елді сабырға шақырды.

«Бір цикл ғана бойынша Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді. Ұзақ жылдар бойы жеткен жетістіктерге де қарау керек. Қазақстанда қазір ізбасарлар сабақтастығы белсенді алмасып, жаңа есімдер пайда болып жатыр. Бұл біздің болашақ чемпиондарымыздың тәжірибе жинақтап, іріктелер кезеңі. Лос-Анджелесте талай жеңістерге қол жеткізетіміз сөзсіз. Қазір Өзбекстанда олимпиадалық шыңырау шегі. Өзбекстанның мықты спортшылары екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанып жатыр. Біздің басымыздан да кезінде шарықтау сәттері өткен. Көршілеріміз жеткен жетістіктері үшін, спортты дамытуда мүмкіндікті сәтті пайдалана алғаны үшін қуанумыз керек. Әлем бір қалыпта дамымайды – бұл қалыптасқан заңдылық», - деп жазды Ермахан Ыбрайымов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы – бір күміс, әйелдер құрамасы – бір қола медальға қол жеткізді. Өзбекстан боксшылары бес алтын медаль жеңіп алды.