Иман Хелиф өзін «еркек» деп жазған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді

Редактор
15.08.2024, 09:46

Алжирлік боксшы Париж олимпиадасының чемпионы атанған еді

Global Look Press

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф өзіне қатысты кибербуллинг жасаған танымал тұлғалардың үстінен сотқа арыз берді. 

Боксшы жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген.

Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде Иман Хелифпен жұдырықтасқан италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, боксшы қыздың жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады. Спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр. 

Иман Хелиф Париж олимпиадасының чемпионы атанған соң өзінің ерекше қабілетке ие әйел екенін мәлімдеген еді.

«Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді», - деді Иман Хелиф.