Ол – бұған дейін Азия деңгейіндегі чемпиондық титулға ие болған боксшы
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралғанын хабарлаған болатынбыз. All Stars Boxing промоутерлік компаниясы оның қарсыласы кім болатынын хабарлады.
Белгілі болғандай, Данияр Алматыда өтетін бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасады. Ол 2019 - 2022 жылдар аралығында алғашқы жартылай жеңіл салмақта WBO Asia Pacific чемпиондық титулының иегері болған.
Бокс кеші 28 қыркүйекте «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет рингке 2023 жылдың 15 желтоқсанында шыққан. Дегенмен, «IBA чемпиондар түнінде» өткізген жекпе-жегі ресми тізімге енгізілмейді.
Сонымен қатар, осы бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ал, MMA жұлдызы Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріп бокс ережесімен жұдырықтасады.