«Жарыстар әділ өтпейді». Қайрат Сәтжанов Қазақстан боксын қалай дамытатынын айтты

Редактор
19.08.2024, 10:07

Ол бокс құрамасының Парижде жүлдесіз қалуына не себеп болғанын айтты

ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманы жаттықтырудың жауапкершілігі үлкен екенін айтты. 

"Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар проблемалар бар. Мұның бәрін Париж Олимпиадасынан кейін көрдік. Бұл ең бірінші кезекті жаттығу жоспарының дұрыс құрылмауы, командалармен оқу-жаттығу жиындарының өтпеу себебі.

Алға қойған жоспарларымыз өте үлкен. Бірінші кезекті кіші жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаға бірдей көңіл бөлу. Содан соң, Қазақстанда  өтетін жарыстардың әділ болуына мән беріп, жаттығу жиындарын бір жүйеге келтіру", - деді Сәтжанов. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бұрынғы бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов келді.