Теміртас Жүсіпов IBA-ның «Чемпиондар түнінде» өзбек боксшысын жеңді

Редактор
19.08.2024, 10:30

Жекпе-жек 48 келіге дейін салмақта өтті

ҰОК

Кәсіпқой бокстан «IBA-ның Чемпиондар түні» бұл жолы Аддис-Абебеде (Эфиопия) өтті. Қазақстаннан 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов қатысты.

Ол өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовпен кездесті. Жекпе-жек 48 келіге дейін салмақта өтті. Сегіз раунда жоспарланған кездесуді екі боксшы толығымен өткізді. Төрешілердің шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті.

Теміртас Жүсіпов – 2021 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Азия біріншілігінің жеңімпазы (2013, 2019). Сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы. Ал Нодиржон Мирзахмедов екі рет Азия біріншілігінде топ жарған (2019, 2021).