«Көп сөйлейді». Назым Қызайбай бөлмесіне химикат шашқан Ангелина Лукас туралы айтты

Редактор
20.08.2024, 11:55

Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас бір салмақта өнер көрсеткен еді

әлеуметтік желі

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы бұрынғы әріптесі Ангелина Лукасқа қатысты ойын айтты.

«Әркім өз жолын таңдайды. Біреу жаттығу жасайды, нәтиже көрсетеді, енді біреу көп сөйлейді, бірақ ештеңе істемейді. Ангелина біраз нәрсе айтты. Ол сұхбатында Олимпиада ойындарына барғысы келетінін алға тартқан. Оған спаррингке қатысуға мүмкіндік те берілді. Меніңше, ол жеңіске жете алмайтынын білгендіктен де бас тартты. Егер шын қаласа, бәріне өзінің мықты екенін дәлелдейтін еді.

Ол ешқандай мүмкіндік жоқ екенін жақсы білді. Оны кіммен қойсаң да жеңе алмайтын. Ол жақта жеті адам болды, олардың қай-қайсысы да Ангелинадан мықты. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын. 

Мен оған тек сәттілік тілеймін, әрі қарай да кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, нағыз чемпиондық атақтарға қол жеткізуіне тілектеспін», - деді Қызайбай Tengri Sport-қа бергент сұхбатында.

Айта кетейік, Қызайбай Франция астанасында өткен аламанда қола жүлдегер атанды. Ал Лукас біржола кәсіпқой боксқа ауысып, 11 жекпе-жек өткізсе, соның 10-ында жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліс тапты. Оның WIBF, WBC international, UBO International, WBF, UBO World белбеулері бар.

Еске салып өтейік, Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұлттық құрамада бір салмақта өнер көрсеткен еді. Сол кезде екеуінің арасында дау-дамай туындап, арты шуға ұласқан болатын. 

Алдымен Ангелина Лукас желі арқылы үндеу жолдап, өзінің командадан қуылғанын, мұның артында Қызайбай мен оның жақтастары тұрғанын айтқан еді.
Назым болса, Ангелина мен оның бапкері ол жататын бөлмеге белгісіз химикат сеуіп кетті дегені бар.