«Хижняк Олимпиаданы әділ ұтты»: Өзбекстанның бас бапкері Нұрбек Оралбайдың қарсыласына баға берді

Редактор
20.08.2024, 15:04

Бұған дейін оның Нұрбекке жанкүйер болған видеосы әлеуметтік желіде тараған еді

Өзбекстан ҰОК

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Париж Олимпиадасында чемпион атанған Украина боксшысына қатысты пікір білдірді. Өзбек маманы Александр Хижняктың алтын медальға лайықты қол жеткізгенін атап, қатты қуанғанын жасырмады.

Бұл туралы Киличев Украина журналистеріне берген сұхбатында атаған.

«Александр Хижняк Олимпиада алтыны үшін үлкен еңбек сіңірді. Ол бұл жолда көптеген нәрсе жасады. Қалай айтсам болады? Токиодағы финалды өздеріңіз білесіздер. Содан кейін ол шыдады, күтті, бәріне төзді. Соңында ол таза еңбек сіңіріп, мақсатына жетті. Мен боксшы, бапкер ретінде Хижняктың чемпион атанғаны өте қатты қуандым», - деді ол.

Естеріңізде болса, Алексендр Хижняк Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынап, финалға дейін жетті. Ол шешуші айқаста Қазақстан өкілі Нұрбек Оралбаймен шеберлік байқасып, төрешілер шешімі бойынша басым түскен еді.

Сонымен қатар, Хижняк Токио Олимпиадасында финалға шығып, күміс жүлдегер атанған. Украина боксшысы Бразилия өкілімен болған жекпе-жектің үшінші раундында нокаутқа түсіп қалған еді.