Қуат Хамит Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
21.08.2024, 11:36

Ол спортшының мұндай әрекетке барғанына сенбейді

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов taspanews.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлап күдікке ілінді деген ақпаратқа қатысты өз ойын айтты.

Еске салайық, бұған дейін отандық БАҚ-тар белгілі боксшының Алматыдағы пәтерлердің бірінде 28 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жазған. Ақпаратты Әуезов аудандық полиция басқармасы растаған.

«Бұл ақпарат жалған деп үміттенем. Жанқош секілді чемпионға біреуді зорлап не керегі бар? Оның артынан онсыз да миллиондаған қыз жүгіріп жүр. Бәлкім біреу ақша істегісі келді ме, нақты білмеймін. Соңғы уақытта осынау қылмыстық бап өте кең тарап кетті ғой. Бір жігіттің қызбен подъезде жай тұрған видеосын көрдім, соңында сол жігітті зорлады деген айыппен 8 жылға соттап жіберді. Тағы қаншама адамның осындай жалған айыппен қамалғанын білмеймін. Бірақ, аталған бапты қайта қарау керек», - деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Ол 28 қыркүйекте Алматыда белбеуін қорғау үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған.