Иван Дычко АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді

Редактор
21.08.2024, 10:46

Отандасымыз салмақ өлшеу рәсімінен өтті

instagram.com/proboxtvofficial

Ертең Иван Дычко АҚШ-тың Флорида штатынде 14 айлық үзілістен кейін алғаш рет жекпе-жек өткізеді.

Аталған айқас алдында отандасымыз салмақ өлшеу рәсімінен өтті. ProboxTV арнансының шоуы аясында Плант-Сити қаласында өтетін кездесуде Дычкоға америкалық Крейг Дьюис (15-7-1, 8 КО) қарсылас болмақ.

АҚШ боксшысы өз қарсыласынан 12 келіге ауыр. Оның салмағы 119 келіден асты. Ал Дычконың қазіргі салмағы 107 келіні көрсеткен. Бұл туралы ProboxTV-дің proboxtvofficial парақшасында ақпарат жарияланды.

Әзірге аталған шоудан отандасымыздың қанша гонорар алатыны белгісіз. Ол кәсіпқой боксқа бет бұрғалы 8 жылға жуықтағанымен әзірге чемпиондық титулға қол жеткізген жоқ. Дычко соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізген болатын. Сол жолы ол Аргентина өкілі Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) сұлатып салып, WBA Fedecaribe белдігіне ие болған еді.