Дычко мен Жалолов әуесқой бокста төрт рет кездескен
All Stars Boxing шоуының промоутері Зия Алиев өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов пен қазақстандық Иван Дычко кәсіпқой шаршы кездесуі мүмкін екенін айтқан. Алайда өзбек тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
«Екеуі жуық арада кездеседі. Дычко үшін жақсы жаңалықтарымыз бар. Соңғы жылы бапкерін ауыстырды. Механикасымен жұмыс істеді. Ол мүлде басқа боксшы болып шықты. Сонан соң үлкен платформалар күтіп тұр, онда Жалолов пен Дычко айқасы өтеді. Егер екеуі кездессе, Дычко Жалоловты тоқтатады», - деген еді Алиев.
Дегенмен Өзбекстан басылымдары бұл ақпарат жалған деп отыр. Себебі Баходир Жалолов бұл туралы естімеген де екен. Өзінің айтуынша, қазір біраз тынығып, сонан кәсіпқой боксқа бет бұру үшін дайындыққа кіріседі. Айта кетейік, Дычко мен Жалолов әуесқой бокста төрт рет кездесіп, төртеуінде де қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.