Мейірім Нұрсұлтанов WBO рейтингінде бір сатыға көтерілді

Редактор
22.08.2024, 09:27

Болашақта ол чемпиондық белбеу үшін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Instagram

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) осы тұжырым аясында жұдырықтасып жүрген боксшылардың рейтингін жаңартты. Тізімде қазақстандықтар да бар.

Мәселен, орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтан бесіншіден төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің алғашқы үштігінде Хамза Шираз, Дензел Бентли (екеуі де Ұлыбританиядан) және кіші Шейн Мозли (АҚШ) тұр. Ал, чемпиондық белбеу қазақ Жәнібек Әлімханұлына тиесілі.

Ал, жартылай ауыр салмақта бағын сынап жүрген Али Балоев ТОП-15 қатарынан шығып қалды.

Мейірім Нұрсұлтановтың рингке шықпағанына тоғыз ай болды. Соңғы рет ол 2023 жылдың қарашасында чилилік Хулио Аламоспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.