Ол боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейінен хабардар екенін айтады
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе қалай болады деген сұраққа жауап берді.
«Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді. Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе оңай қарсылас болатыны сөзсіз. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейі қандай екенін жақсы біледі», - дейді Толқын Қылышев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Иван Дычко 14 ай үзілістен кейін рингке оралып, америкалық Крейг Льюисті нокаутппен жеңді. Бұл – қостанайлық боксшының кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегі. Оның бәрінде Дычко жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен.
Әуесқой бокста Иван өзбекстандық қарсыласымен 4 рет кездесіп, барлығында басымдық танытқан.