Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа шапан жауып «демалысқа» жіберді

Редактор
22.08.2024, 17:47

Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Мырзағали Айтжанов және тағы 10 бапкер қызметінен кеткен. Сол кезде әлеуметтік желіде жұмыстан шығара салды, құрмет көрсетпеді деп пікірлер болған еді.