«Түрінен адам шошитын біреуді тауып алды»: Биволдың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

Редактор
27.08.2024, 11:35

Ерлі-зайыпты былтыр ажырасқан еді

Дмитрий мен Екатерина Бивол, фото әлеуметтік желіден

Кәсіпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол мәлімдеме жасады.

Ерлі-зайыптылар былтыр жазда ажырасқан болатын. Биыл боксшының өзі бұл туралы мәлімдеген. Ал, оның әйелі Дмитрийдің жаңа қалыңдық тапқанын айтып отыр.

«Дмитрий ол әйелді Санкт-Петербургке де шақырған. Бірақ алған әйелінің түрінен адам шошиды. Менің балаларыммен сөйлесіпті. Жасы 40-қа жақындап қалған. Биволдан үлкен. Негізі екеуіміз де өзімізден үлкендерді жақсы көреміз. 

Ол әйелдің Instagram желісінде миллионнан астам оқырманы бар. Шілдеде Димитрийдің туысының туған күні болды. Сол кезде балаларды жібердім. Шакал да сонда болыпты. Ол әйел өте бай. Бивол екеуіміз ресми түрде қараша айында ажырастық. Жаңа жылды сонымен бірге өткізген. Негізі Иракта туған. Әкесі бай біреу. Неліктен ондай шалқып өмір сүруге мүмкіндік бергенін түсінбедім», - дейді Екатерина Бивол «Бокс. Обзоры от Дмитрий» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Дмитрий Биволдың есімі көпшілікке 2022 жылы белгілі болды. Ол даңқты мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасып, 12 раундтың нәтижесінде жеңіске жеткен болатын.