Қазақ боксшысы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың алдында нокаутқа түсті (ВИДЕО)

Редактор
29.08.2024, 01:23

Жекпе-жек екінші орта салмақта өтті

скрин: Бокс-ТВ

Шешенстан астанасы Грозныйда өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Берікбай Нұрымбетов (8-6-1, 3 КО) жергілікті боксшымен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңілді деп жазады Sports.kz.

Қазақ боксшысына қарсылас болған Ризван Элиханов бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, соның 14-де жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі екінші раундтың басында аяқталды. Соққы алмасу кезінде шешен боксшысы Берікбайдың жағына ауыр соққысын дәл тигізіп, оны есеңгіретіп тастады. Қазақстандық бапкерлер мұнан кейін кездесуді тоқтатуды жөн деп санап, рефериге арнайы белгі берді.

Айта кету керек, кәсіпқой бокс кешін көруге Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың өзі келді.