«Онымен ешкім төбелескісі келмейді»: британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жекке шақырды

Редактор
04.12.2023, 14:12

Қазақ боксшысы абсолютті чемпион болуды көздеп жүр

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта BBBofc нұсқасы бойынша Ұлыбритания чемпионы Натан Хинис (18-0, 6 КО) қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 9 КО) жекпе-жек өткізуге ниет білдірді.

«Соңғы жылы Жәнібек мықтылардың бәрін жекпе-жекке шақырды. Ешкім онымен төбелескісі келмейді. Ол солақай, IBF және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері. Егер мен оны жекпе-жекке шақырып: «сен мұны Стоктың жаңбырлы кешінде жасай аласың» десем, ол ойланбастан келісер еді», - деп мәлімдеді Натан Ханис.

Еске салайық, Әлімханұлы бұған дейін WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын біріктірген болатын. Соңғы жекпе-жегінде ол неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.