Армениядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бір ғана алтын медаль жеңіп алды

Редактор
04.12.2023, 23:12

Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Аркадий Топаев іріктеу кезеңдерінде төрешілер тарапынан әділетсіздіктің көп болғанын айтты

Instagram

Бокстан Ереванда жасөспірімдер арасында аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Нұрасыл Төлебек жеңімпаз атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда үнді боксшысы Жатин Жатинді жеңді. 

Нұрасыл Төлебек иеленген жүлде Қазақстан құрамасы иеленген төртінші алтын медаль. Оның алдында 54 келіде Аяжан Сыдық финалда үнді боксшысы Амиш Керкеттаны, 60 келіде Толғанай Қасымхан ресейлік Кира Леонованы, 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын спортшысы Амалиа Тугуйді төрешілер шешімен жеңген болатын. 

Ал бокстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Аркадий Топаев іріктеу кезеңдерінде төрешілер тарапынан әділетсіздіктің көп болғанын айтқан еді. Ол бірнеше боксшымыз қарсыласын айқын ұтқанына қарамастан келесі кезеңге өте алмағанына реніш білдірді.

Материалда: