Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бокстан жастар құрамасы Сербияда бес жүлдеге ие болды

Редактор
04.09.2024, 17:44

Халықаралық турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысқан

pixabay.com

Сербияда бокстан аяқталған халықаралық турнирде қазақстандық жас боксшылар бес медаль иеленді.

Суботица қаласында 26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өткен турнирде Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысқан болатын.

Olympic.kz-тің жазуынша, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанған.

Аталған бес боксшы тегіс жартылай финалда есе жіберіп отыр. Айта кететін жайт, Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Материалда: