Танымал бапкер боксшылардың Антальяға барғанын сынға алды

Редактор
10.09.2024, 11:43

Оның айтуынша, Парижге қатысқан боксшылардың дайындығы ойдағыдай болмаған

Қазақстан бокс федерациясы

2003 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанған Галиб Жафаровтың жеке бапкері Әлімбек Балмағанбетов Қазақстан бокс құрамасының Париждегі өнеріне баға берді.

Әлімбек Балмағамбетовтің айтуынша, боксшылардың маусым айында Түркиядағы сауықтыру лагерінде баруы Париждеге нәтижеге әсер еткен.

«Жаттықтырушылар штабы бокстан Олимпиадаға дайындықты қамтамасыз ете алмады. Мәреге жақындағанда бәрі бұлыңғыр болып шықты. Бір сөзбен айтқанда, боксшыларымыз жекпе-жектерге шыққанда бабында болған жоқ. Міне, сондықтан да көптеген жігіттеріміз шынын айтсақ, соңғы жағында беріле салды. Физикалық дайындықтары, өкінішке қарай, ерекше рөл атқарды. Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегін еске түсіріңізші. Ол бірінші раундта жеңіске жетіп, екіншісінде тең дәрежеде жұдырықтасты. Ал үшіншісінде боксты қоя салды. Неліктен бұлай болды? Өйткені ол және оның командаластары функционалдық тұрғыдан дайын емес еді. Егер Антальядағы жиын кем дегенде бір ай бұрын өткенде, көрініс басқаша болар ма еді?», — деді маман avestnik.kz сайтына берген сұхбатында.

Материалда: