«Сағатымды сындырды»: Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі боксшыға қатысты бейнежазба жариялады

Редактор
13.09.2024, 00:45

Екеуі былтыр ажырасқан, арада ортақ некеден екі ұлы бар

Instagram

Ресейлік кәсіпқой боксшы, WBO/IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол мен бұрынғы әйелінің арасында дау туындады.

Боксшының бұрынғы әйелі Екатерина Бивол күйеуіне қатысты шағым білдіріп, әлеуметтік желіде видео жариялады. Видеода екеуінің арасындағы тұрмыстық жанжал көрініс тапқан. Ол Дмитрийдің өзіне қол көтергенін және қымбат сағатын сындырғанын айтады. Ең сорақысы, мұның бәрі кішкентай баланың көзінше болған. Желі қолданушылары әке мен шеше арасында жүгіріп жүрген балаға жаны ауыратындарын жазып жатыр. Ал, боксшы болса видео соңында бұрынғы әйеліне «неге түсіресің (камераға – авт.), оланша өзіңді түсір» деп дауыс көтреген. 

Бұған дейін Дмитрий Биволдың әйелі онымен ажырасқанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, күйеуімен арада болған ұрыс-керіс ушығып, екі жаққа кетуге тура келген. Сонымен қатар, бүгінде боксшы өзінен жасы үлкен әйелмен бірге екенін Екатерина әлеуметтік желідегі жазбаларында мәлімдеген болатын.