Бұл – маманның туған күніне орай жасалған тосынсый
Қазақстандық боксшылар Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайдың ата-анасы ұлдарының жеке жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа көлік мінгізді деп жазалы Nur.kz.
Қуанышты сәттің видеосын бапкер өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.
«Асекеңнің туған күніне орай оған көлік сыйламақшымыз. Отбасымыздан атынан құттықтап жатырмыз. Темір тозса да, өздері тозбасын», - деді боксшылардың әкесі Рахат Қуандықов.
Асқар Еркебаев та көрсетіліп жатқан сый-сияпатқа өз ризашылығын білдірді.
«Өнегелі отбасыдан үлгілі ұрпақтар өседі. Шәкірттерім мен ата анасының еңбегімді ерекше елеп, құрмет, сый-сияпат жасап жатқандарына Алла разы болсын. Шәкірттерім өсті, енді маған мотивация беріп жатыр деген осы сәт екен… Бір бірлерімізге деген құрмет-сыйымыз ешқашан таусылмасын», - деп жазды Асқар Еркебаев әлеуметтік желідегі парақшасына.
Айта кетейік, Асқар Еркебаев – ағайынды боксшылар Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайдың жеке жаттықтырушысы. Парижде өткен жазғы Олимпиадада Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанған.