Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Боксшыларымыз бен балуандарымыз жерге қаратып болды – Жүрсін Ерман

Редактор
18.09.2024, 15:51

Ақын Париж олимпиадасын басынан аяғына дейін қарап, көңілі құлазыған

Видеодан кадр

Ақын, тележүргізуші Жүрсін Ерман даярлығына миллиондаған қаржы бөлініп, бірақ небәрі бір алтын медальмен оралған спортшылар жайлы ойын айтты.

Танымал ақын EL ARNA телеарнасына берген сұхбатында Париж олимпиадасын басынан аяғына дейін қарап, көңілі құлазығанын жеткізді.

«Басынан бастап жабылу салтанатына дейін көрдім. Қазақстанның спортшыларына соңғы жағында бірдеңе жетіспей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде жетпей қалады. Жігерімізді әбден құм қылып бітті. Не дейміз, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма – білмеймін. Әйтпесе Лондон олимпиадасында жеті алтын алып едік, оның да дәурені өтіп кетіпті. Боксшыларымыз да, балуандарымыз да әбден жерге қаратып болды. Афина олимпиадасында да бітті-ау дегенде, Бахтияр Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі тіптен түсіп кетуші еді. Біздің спорт комментаторлары қызық, «ананы аламыз, мынаны аламыз» деп желіктіріп қояды. Бірақ соңында ештеңе бұйырмай қалады», - деді Жүрсін Ерман.

Жарнама
Жарнама

Материалда: