«Алтын алғанымда мұндай болмас ем». Нұрбек Оралбай Головкиннің қандай кеңес бергенін айтты

Редактор
23.09.2024, 09:42

Боксшы кемі 3 олимпиадаға қатысуы мүмкін екенін атап өтті

Видеодан кадр

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай «Түнгі студия» бағдарламасында финалдық бәсекені еске алды. Боксшы украиналық қарсыласы  Александр Хижнякпен жұдырықтасу оңайға соқпағанын және оның жеңіске жеткені үшін қуанышты екенін атап өтті.

«Енді еңбек ету керек. Көп қателіктер болды. Үшінші раундтағы жекпе-жекте сәл жетпей қалды. Қарсыласым да осал емес. Әлем чемпионы, Токиода күміс жүлделі болған, ең үздік боксшы атанған. Бұл оның екінші олимпиадасы, алтын бұйырып тұр екен. Ол үшін қуаныштымын», - деді Нұрбек Оралбай.

Боксшы финалдық бәсекеден соң Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен кездескен. Ол даңқты боксшының айтқан кеңесінен мотивация алғанын айтады.

«Финалда жеңілгеннен кейін Геннадий ағамыз келіп, «Нұрбек, бұл күмісті мен де алғанмын. Сол 2004 жылы мен алтын алғанымда мұндай болмаушы едім. Осымен тоқтап қалма» деп жігерлендірді. Осы сөздер маған мотивация сыйлап, көп демалмай, бірден жаттығуды бастайын деп жатырмын», - деді боксшы.

Еске салайық, Парижде 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа 2:3 есебімен есе жіберді.

Біздің серіктес: FONBET