Жәнібек Әлімханұлы екі белбеуін де қорғайтын болды

Редактор
24.09.2024, 11:12

Бұған дейін Жәнібектің IBF чемпиондық белбеуі ғана сарапқа салынатыны айтылған

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жегінде IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды.

Бұған дейін жекпе-жекте Әлімханұлының IBF атағы ғана қорғалатыны хабарланған болатын. Бірақ WBO Президенті Франциско "Пако" Валькарсель өзінің Twitter-дегі парақшасында WBO ұйымының белбеуі үшін де жұдырықтасатынын мәлімдеді.

Жекпе-жек 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өтетін болды.