Енді бокстың мүддесін халықаралық деңгейде қорғаймын – Геннадий Головкин

Редактор
26.09.2024, 20:51

Бүгін Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды

https://www.instagram.com/gggboxing

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанған болатын. Осы қызметіне қатысты Геннадий Головкин пікір білдірді.

«Мен енді World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде олимпиадалық спорт түрі ретінде бокстың мүддесін халықаралық деңгейде қорғайтынымды қуанышпен хабарлаймын.

Олимпиадашы ретінде, кәсіби спортшы ретінде, бокстың үлкен жанкүйері және жай ғана спортқа құмар адам ретінде боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау өте маңызды деп ойлаймын. Бұл бүкіл әлемде барлығына қолжетімді болуы керек керемет және танымал спорт түрі», - дейді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, осыдан кейін Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді.