Назым Қызайбай сұлулық байқауында қазылық етеді

Редактор
27.09.2024, 12:00

Ол ұлттық құрамамен бірге жаттығуға тек 5 қазаннан бастап кіріседі

instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Париж Олимпиадасында бокстан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайдың Қарағандыдада өтетін сұлулық байқауына қатысатыны белгілі болды.

Белгілі спортшы 27 қыркүйек күні Қарағандыдада ұйымдастырылатын конкурстың қазылар алқасының құрамына енген.

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған отандасымыз жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында 50 келіде бақ сынап, қола жүлдегер атанған болатын. Осылайша ол Қазақстан қыздары арасында бокстан Олимпиада жүлдесін алған екінші боксшы атанды.

Айта кететін жайт, Назым Қызайбай Қарағандыда өтіп жатқан «Мықтылар турниріне» қатысқан жоқ. Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин оның 5 қазанға дейін ұлттық құрама жаттығуынан босатылғанын атаған болатын.